ІІМ көлікті заңдастыруға қатысты мәлімдеме жасады

Елімізде осы уақытқа дейін көлікті заңдастыру бойынша 35 мың азаматтың өтінімі мақұлданып, сонымен қатар 15 мың азамат өздерінің көлік құралдарын мемлекеттік есепке тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ішкі істер министрлігі өкілінің мәліметінше, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінде 35 мың азаматтың өтінімі мақұлданып, сонымен қатар 15 мың азамат өздерінің көлік құралдарын мемлекеттік есепке тіркеді.

Бірақ кейбір қазақстандықтар өздерінің көлік құралдарын тіркей алмай, наразылықтарын білдіріп жатыр. Осыған байланысты ІІМ әкімшілік полиция төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев заңдастыру 1 шілдеге дейін жалғасатынын еске салып, өтінімі мақұлданбаған азаматтарды сабырға шақырды.

Әрбір өтінім жеке әрі мұқият қарастырылып жатыр. Осы мәселелерді шешу бойынша бюасқа да мемлекеттік органдармен және шетелдік әріптестермен бірлескен жұмыстар атқарылып жатыр. Атап айтсақ, көлік құралын басқа елден тіркеуден шығару, кедендік тазартудан өтпеген және ешқандай мемлекетте есепте тұрмаған, яғни қосалқы бөлшектер болып кірген көліктер бойынша нақты шешімдер қабылданатын болады, – деді Қайсар Сұлтанбаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: kolesa.kz
Өзгелердің жаңалығы