ІІМ көліктеріне ту ілгендерге неліктен айыппұл салынғанын түсіндірді
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қазақстанның көліктеріне мемлекеттік туын ілгені үшін айыппұл салынғанын айтып шағымданған жүргізушілерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқиға 16 желтоқсанда – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні болған.
Бірқатар жағдайда адамдар ту үшін емес, жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған. Ал мемлекеттік туға келсек, оны ілуге тыйым салынбайды. Бірақ ол жүргізушінің көру аймағын шектемеуі, көрініске кедергі келтірмеуі және жол қозғалысына қатысатын өзге адамдарға қауіп төндірмеуі тиіс, – деп түсіндірді вице-министр Сенаттың кулуарында берген сұхбатында.
ІІМ өкілі әрбір осындай жағдайды жеке-жеке тексеруге уәде берді.
Егер хаттама негізсіз толтырылған болса, біз оны міндетті түрде жоямыз, – деді Игорь Лепеха.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нигерияда шахтаға жасалған қарулы шабуылдан 12 адам қаза тапты
Өзгелердің жаңалығы