ІІМ интернеттегі құқыққа қарсы контенттердің балаға әсер етуіне алаңдайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Интернет өмірдің барлық салаларына еніп, мемлекеттік және жеке қызметтер «онлайн» режиміне ауысуда. Сонымен бірге, жаһандық желі құқыққа қайшы бағытта да қолданылуда.

Атап айтқанда, зиянкестер анонимді интернет-серфинг мүмкіндіктерін пайдаланады, өйткені аккаунттарды құру кезінде өздерінің шынайы сауалнамалық деректерін көрсетудің қажеті жоқ.

Балалардың интернетті бақылаусыз пайдалану мүмкіндігі ерекше алаңдаушылық тудырады.

Желіде пайдалы контент қана емес, сонымен қатар балаларға, олардың денсаулығы мен психикалық дамуына теріс әсер ететін ақпарат кездеседі. Ата - аналар тарапынан, отбасыларда және жақын ортада бақылаудың болмауы, Интернетке бақылаусыз кіру, зорлық-зомбылық пен порнография насихаттарын қарау кәмелетке толмағандардың зорлық-зомбылықтың құрбаны болуына немесе өздерінің қылмыс жасауына әкеп соғады, - деді ІІМ Криминалдық полиция департаменті киберқылмыспен күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаев.

Интернет желісіне мониторинг жасау кезінде орталық мамандары «Вконтакте» әлеуметтік желісінде порнографиялық фото- және бейнематериалдардың таралу фактісін анықтады.

ІІМ қызметкерлері қызылордалық әріптестерімен бірлесіп, облыс аудандарының бірінің 15 жасар тұрғынын анықтады.

Жедел қызметкерлер қосымша тексеру жүргізді, оның барысында порнография бар бейнені сату фактісін анықтады.

Қамқоршысы мен балалар психологының қатысуымен сұрақ алынғанда, ол жыл басынан бері әлеуметтік желілерде порнографияға интернет-сілтемелер сатып алып, оларды қымбат бағамен сатқанын мойындады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Маусым айында Ақтау қаласында 35 жастағы ер адам ұсталды, ол «Вконтакте» әлеуметтік желісінде 13 жасар қызбен хат алмасып, оны оған интимдік сипаттағы суретті жіберуге мәжбүр етті.

Хат алмасу кезінде ол кәмелетке толмағанды фотосуреттерін жалаңаш түрде жіберуге көндірді және егер ол оған қосымша фотосуреттер жібермесе, оларды әлеуметтік желілер арқылы жіберемін деп қорқытты.

Соңғысы кәмелетке толмағандарды азғыру және порнографияны тарату үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

ІІМ ата-аналарды балаларын қызықтыратын мазмұнды мұқият зерделеуге және олардың телефондарында заңмен тыйым салынған материалдардың бар-жоғын тексеруге шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы