ІІМ Грузияға Әсел Айтпаеваның өлімін тергеуге мамандарды жібереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы білім беру мекемелеріндегі балалардың қауіпсіздігі туралы өткен брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз айтты.
Жақын арада халықаралық келісімге сәйкес Бас прокуратура мен Сыртқы істер министрлігінің үйлестіруімен ІІМ Грузияға жедел-тергеу тобын жібереді. Оның міндеті - оқиғаның барлық мән-жайын зерттеу және сотқа дейінгі тергеу материалдары бойынша грузин тарапымен ақпарат алмасу, - деді Нұрділда Ораз.
Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті Грузияда қаза тапқан Қазақстан азаматшасы Әсел Айтпаеваның ата-анасының азаматшаға қатысты шара қолдану туралы өтініші негізінде М.Мейірбеков есімді азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Күдікті ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласының УҰИ-не қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Еске салсақ, Әсел Айтпаева 5 мамырға қараған түні Тбилисиде түсініксіз жағдайда қайтыс болды. Қыз тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кетті. Оның апайы қайтыс болғанға дейін қыз өзінің құрбысына аудио жазба жіберіп үлгергенін айтады. Онда белгісіз ер адамның оған зорлық көрсетіп, қорқытқанын естуге болады.
Тергеу барысында Грузия азаматы Зугдиди Бесик Тордуа ұсталды, ол зорлау және суицидке дейін жеткізу айыбы бойынша айыпталуда. Ол 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Грузияда қаза тапқан Әсел Айтпаеваға қатысты істі өз бақылауына алған болатын.
Грузиядағы «Сафари» құқық қорғау ұйымы Тбилисиде жұмбақ жағдайда қаза болған Әсел Айтпаеваның анасы Айсұлу Айтпаеваға адвокаттың тегін көмегін ұсынды.
Өкінішке қарай, айыппұлы үшін Әселдің әкесі қызының мүрдесін алып кетуге бара алмаған.