ІІМ ескертеді!
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрлігі еліміздің тұрғындарына қыста жолға шығар алдында мұқият болуды ескертеді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қыста жол әрбір жолаушыдан ерекше сақтықты және мұқияттылықты талап етеді. Климаттық өзгерістерге, көлік ағынының ұлғаюына, көрінудің нашарлауына, көлік ішінен нашар көрінуі, күн сәулесінің жетіспеуіне байланысты жолдарда қауіп бірнеше есе артады - делінген хабарламада.
ІІМ қысқы жолмен жүру кезінде еске мынадай талаптарды еске салады:
(көктайғақта, жаңадан жауған қарда, тапталған қарда) қашықтықты, бүйірлік аралықты, жылдамдық режимін қатаң сақтау, сондай-ақ кенеттен тежеуге жол бермеу қажет.
Ауа-райына қатысты ақпаратты және ауа-райының нашарлауы мен жолдарды жабу жайлы ақпараттарды ескеру керек.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты қысқы кезеңнің басында жол-көлік оқиғаларының саны күрт өсті. Өткен тәулікте елімізде 24 ЖКО тіркелген, онда 2 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды - деді ІІМ өкілдері.