ІІМ есірткімен айналысқан үш ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткіге қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде айтты. 

Бірінші жартыжылдықта 1 мың 300 жуық есіртікі қылмысы анықталды, оның ішінде 800 есірткі өткізу фактісі және 227 есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау фактісі. Нұр-Сұлтан қаласы және Атырау, Павлодар  облыстарында каннабис тобындағы  есіртікілерді жеткізумен және сатумен, сондай-ақ синтетикалық есірткіні өткізумен  айналысқан үш ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді, - деді ол.

Әмірханов атағандай, 3,3 тоннадан астам түрлі есірткі алынды, оның ішінде 2 тоннаға жуық марихуана, 366 кг гашиш және 84 кг синтетикалық есірткі. 

Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қарағанды облыстарында 21 есірткі зертханасы жойылды. Интернет-ресурстары арқылы есірткі өткізу фактілері бойынша 103 қылмыстық іс тіркелді. Есірткі жарнамасы мен насихаттау бойынша 57 қылмыстық іс тергелуде. 1400 жуық есірткіге қатысты ақпараты бар интернет ресурс анықталып, бұғаттауға жолданды, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы