ІІМ еңбек көші-қоны және босқындар мәселелерін азаматтық ведомствоға тапсырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде белгілі болды.
Ол атағандай, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» тиісті құжатқа 19 шілдеде Мемлекет басшысы қол қойды.Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі әлемде еңбек көші-қоны жаһандық сипатқа ие және ел дамуының экономикалық және әлеуметтік деңгейімен тікелей байланысты екенін бірнеше рет атап өтті.Осыған байланысты Ішкі істер министрлігінен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне көші-қон процестерін реттеуге және еңбек көші-қонына байланысты көші-қон саласындағы қызметтердің үштен бірінен астамы беріледі, - деді брифинг модераторы Шұңыла Тұрлыбек.
Модератор атағандай, көші-қон саласындағы функцияларды азаматтық ведомствоға беру көші-қон заңнамасының сақталуын және азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ІІМ ведомствоаралық үйлестірумен, көші-қон процестерін реттеу және мониторингілеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлеумен, босқын мәртебесін берумен, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар берумен айналыспайды. Өзгерістер құқық қорғау жүйесін реформалау және ішкі істер органдарын оларға тән емес функциялардан босату шеңберінде енгізіледі, - деді ол.
Осылайша, Ішкі істер министрлігі көші-қон саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыру үшін біздің ел қабылдаған бағытты толығымен ұстанады. Заңсыз көші-қонның, заңсыз көшіп келушілердің реадмиссиясының жолын кесу, елден кетуге және елге келуге визалар беру, сондай-ақ халықты және азаматтықты құжаттандыру жөніндегі өкілеттіктер ІІМ қарамағында қалады,- деді Тұрлыбек.