ІІМ: Елімізде ақпанда 17 есірткі зертханасы жойылды

Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы ауқымды жұмысты жалғастыруда. Тек ақпан айында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті және оның аумақтық бөліністері 17 есірткі зертханасын анықтап, жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сонымен қатар 19 күдікті ұсталып, заңсыз айналымнан 80 келіге жуық есірткі заты тәркіленді.

Ең ірі қылмыстық істердің бірі Қызылорда облысында анықталды. Мұнда 46 жастағы ер адам – жасырын есірткі зертханасының ұйымдастырушысы және оның туыстары ұсталды. Олар элиталық сұрыптағы қарасораны заңсыз өсіріп, есірткі заттарын ірі көлемде сақтап, сатуды жоспарлаған. Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері күдіктінің бітпеген үйінде фитозертхананы анықтады. Ол жыл бойы өсімдік өсіруге қажетті жарықтандыру, желдету және суару жүйелерімен жабдықталған. Арнайы операция нәтижесінде 19 келіден астам "голландтық қарасора" тәркіленді, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Жыл басынан бері Қазақстанда 42 есірткі зертханасы жойылды, 45 күдікті ұсталды. Заңсыз айналымнан 100 келіден астам есірткі және 5 тоннадан астам прекурсор – есірткі өндірісіне қажетті химиялық заттар тәркіленді.

Есірткі қылмысымен күрес жалғасуда. Полиция қызметкерлері күн сайын жаңа қылмыстық топтарды анықтау және есірткінің таралуына тосқауыл қою үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізуде, – деді Данияр Мейрхан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы