ІІМ-де «Полицейдің бір күні» жобасы өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ-нің дәстүрлі брифингі барысында Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділда Ораз айтты.
Ол атағандай, «Полицейдің бір күні жобасы» – жедел қызметкерлердің, тергеушілердің, криминалистердің, учаскелік инспекторлардың, полицияның патрульдік инспекторларының қызметтердің күнделікті жұмысын БАҚ-та жариялауға бағытталады.Биылғы 5 тамызынан бастап ІІМ-де «Полицейдің бір күні» жобасы басталды. Жобаға Нұр-Сұлтан қаласынан 18 журналист қатысам деп ұсыныс білдірді. Жобаның мақсаты-бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасасуды одан әрі нығайту, сондай-ақ полицияның оң имиджін қалыптастыру мен оның ашықтығын қамтамасыз ету, - деді Нұрділда Ораз.
Ол атағандай, аталған шара жергілікті БАҚ өкілдерімен аумақтық Полиция департаменттерінде де жалғасын табатын болады. Жоба жыл соңына дейін жалғасады.Жобаның алғашқы күні «Baq.kz» ақпарат порталының журналисі Аягөз Құрмаш полициядағы жұмыс күнін Нұр-Сұлтан қаласы ПД Жедел басқару орталығында өткізді. Журналист өзін толыққанды полицей ретінде сезіну үшін нысанды киім берілді, - деді Нұрділда Ораз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда вирус жұқтырған 200-ге жуық бала емделіп жатыр
Өзгелердің жаңалығы