ІІМ-де криминалистер марапатталды
Полиция ведомствосында жедел-криминалистикалық қызметтің құрылу күніне орай қызметкерлер, ардагерлер мен зейнеткерлер марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қылмыс орнында айғақтарды іздеп, ұсақ заттың өзіне зердемен қарап, қаскөйдің кім екенін анықтау – криминалистің негізгі міндеті. Асқан төзімділік пен мұқияттылықты талап ететін қызмет ішкі істер органдарында үлкен маңызға ие.
Бүгін елімізде алғыс айту күні және ішкі істер органдары криминалистикалық қызметінің құрылған күні. Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік тілеймін. Жаңа Қазақстанның жарқын болашағы үшін атқарып жатқан қызметтеріңізде абырой-беделдеріңіз арта берсін, – деді Ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаев.
Шара барысында Ішкі істер органдары мен Ұлттық Ұланның қазақстандық ардагерлер кеңесінің атынан сала зейнеткерлеріне “ІІМ құрметті ардагері” төсбелгілері мен Құрмет грамоталары табысталды.
Айта кету керек, бүгінде жедел-криминалистикалық қызметтің мамандары қылмыстарды жедел ашу мен тергеп-тексеруде инновациялық ғылыми-техникалық құралдарды, оның ішінде ақпараттық жүйелерді де пайдаланады.