16 Қыркүйек 2026, 22:20 Фото: ІІМ баспасөз қызметі

ІІМ-де Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлері марапатталды

ІІМ-де өткен салтанатты кездесуде спортшыларға марапаттар табысталып, бірқатар қызметкерге кезекті арнаулы атақтар берілді.

Ішкі істер министрлігінде VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған қазақстандық спортшыларға құрмет көрсетілді. ІІМ өкілдері жарыста екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғызстанда өтті. Оған 109 елден үш мыңға жуық спортшы қатысты.

Жүлде алған ІІМ қызметкерлерінің барлығы ведомствоның «ARLAN» спорт клубының өкілдері.

Ұлттық ұланның 6636 әскери бөлімінің өкілі Болат Сапар самбодан 98 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мемлекеттік автоинспекторы Достан Ошабаев арқан тартыстан чемпион атанды.

Ақмола облысы Полиция департаментінің инспекторы Алмас Жұмағали қырғыз күресінен 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болды.

Сонымен қатар Болат Сапар жоғары спорттық жетістігі үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

ІІМ-де өткен салтанатты кездесуде спортшыларға марапаттар табысталып, бірқатар қызметкерге кезекті арнаулы атақтар берілді.