ІІМ-де бірқатар кадрлық тағайындаулар болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрлігінде бірқатар кадрлық тағайындаулар болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрінің тергеу жөніндегі орынбасары болып Қайрат Сунтаев тағайындалды. Таяуда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті өкімге қол қойған. Өзінің жаңа орынбасарын жеке құрамға ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.
Сондай-ақ Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша ІІМ аппаратының басшысы болып полиция генерал-майоры Игорь Владимирович Лепеха тағайындалды.
ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы болып Баймұқашев Мұрат Қалибекұлы тағайындалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жансая Әбдімәлік әлемнің үздік шахматшыларының үштігіне енді
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы