ІІМ-де балалар күніне орай мерекелік шара өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 маусым – Балаларды қорғау күні әр баланың көңілді де бақытты балалық шағы болуы тиіс екеніне тағы бір мәрте назар аудартады. Балаларға шат күлкі мен қуаныш сыйлауға мүмкіндік береді, бұл әрине, әлемді жарқырата түседі. 

Жыл сайынғы дәстүр бойынша Ішкі істер министрлігінде қызметкерлердің балаларына арналған мерекелік концерт, көңілді ойындар, флешмобтар мен сурет байқаулары өткізілді.

Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков балалар мен олардың ата-аналарын мерейлі жазғы мерекемен құттықтады. Бірнеше толқын ұрпақ тәрбиелеген ардагер кішкентай қазақстандықтарға барлық арман-тілектерінің орындалуына және әлемде бейбіт өмір болуына тілектестігін білдірді.

Осы мерекемен құттықтауға және көңілді конкурстарды өткізуге балақайларға танымал Роджер, Скай, Тасбақа ниндзя және Джуди Хопс секілді ертегі әлемінің кейіпкерлері көмекке келді.  

Мерекелік құттықтау сөздерінен кейін, балалар екі командаға бөлініп, сайысқа түсті. Балалардың бір тобы асфальтқа «Мен және менің Қазақстаным» тақырыбына сурет салып жатса, ал екінші топ спорттық конкурстарға қатысып шеберліктері мен ептіліктерін сынға салды. Енді бірқатары концерттік бағдарламаны тамашалап, өлең айтып, би биледі.

Конкурстардың қорытындысы бойынша ойыншықтар мен естелік сыйлықтар тапсырылды. 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы