ІІМ-нің департамент басшылары АҚШ Елшілігінің өкілдерімен кездесті
Астана, BAQ.KZ. Ішкі істер министрлігінде ведомствоның бірқатар департамент басшыларыны Қазақстандағы АҚШ Елшілігі Қауіпсіздік саласындағы әскери ынтымақтастық бөлімінің өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында есірткі бизнесіне, экстремизмге және терроризмге, сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл жасау саласында ынтымақтастық мәселелері қаралды.
Бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі ағымдағы және перспективті жоспарлар, оның ішінде ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған оқыту курстарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алдағы күндері -42 градус аяз болады
Келесі жаңалық
6 желтоқсанға арналған валюта бағамы жарияланды
Өзгелердің жаңалығы