ІІМ буллингке ұшырайтын балаларды ерте анықтайтын әдістеме дайындайды

Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Былтыр полиция тарапынан 3195 білім беру объектілерінде бұзушылықтар анықталды. Оларды жою бойынша нұсқамалар енгізілді. Оқу-ағарту министрі және әкімдіктермен бірлескен кеңестер өткізілді. Нақты нұсқаулар берілді. Тағы да бір төтенше жағдайдың болуын күтіп отыра алмаймыз! Сондықтан, шешімдердің орындалуына қатаң бақылау орнатуды ұсынамыз, - деді Марат Ахметжанов.

Министр қазіргі уақытта объектілерде тексеру әлі де жалғасып жатқанын айтты. Сонымен қатар Үкімет басшысынан Оқу-ағарту министрлігі мен әкімдіктерге келесідей тапсырма беруді сұрады:

Біріншіден, қысқа уақытта мектептерді қауіпсіздік жүйелермен жабдықтау және кемшіліктерді жою бойынша жұмыстарды аяқтау;

Екіншіден, төтенше жағдай бойынша оқу-жаттығу сабақтарын өткізу;

Үшіншіден, білім беру ұйымдарындағы психологтарды даярлау сапасын арттыру.

Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, мектептерде агрессорлар көбінесе кемсітуге және қорлауға құрдастары тарапынан ұшырайды. Осындай балаларды ерте анықтау әдістемесін және олармен жеке жұмыс жүргізуді пысықтау қажет.  Бұл шаралар білім беру ұйымдарында қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді деп есептейміз, - деді ведомство басшысы. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: umsschool.net
Өзгелердің жаңалығы