ІІМ Бишімбаевтың босап шығуына қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрлігі бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың босап шығуына қатысты пікір білдірді. 

«Сот шешімі шықты. Жоғарғы сот осыған қатысты түсіндірме берді. Бәрі заң шеңберінде болды. Бастапқы үкімге шағым түсіріліп, менің білуімше мерзім 4 жыл 8 айға дейін қысқарды. Ол оның үштен екі бөлігін өтеді. Қалған мерзімді өтеу жеңілдетілді», - деді ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожанов.  

Ол Бишімбаевтың пробациялық бақылауда болатынын айтты. 

«Жазалау шарасын ауыстыру үшін өтініш жасауға құқығы бар. Ол сотқа жүгінді. Сот барлық қажетті жағдайларды ескерді. Сот шешімін қараңыз, Жоғарғы сот толық түсініктеме берді. Ал менің сот шешіміне қатысты пікір білдіруге құқығым жоқ», - деді ол.  

Қожанов Бишімбаевтың мемлекет алдында қарызы жоқ па деген журналист сауалына "залал мәлімделіп, Жоғарғы сот осындай шешім қабылдаса, Бишімбаевтың өтелмеген материалдық залалы жоқ" деп жауап берді.

Бұдан бұрын Бишімбаевтың босатылғаны туралы ақпарат шыққан болатын. Кейіннен Бишімбаевтың адвокаты Мәди Мырзағараев оның бостандыққа қалай шыққанын айты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы