ІІМ: Бір аптада қылмыскерлер 10 кісі өлтірген

Бұл туралы ведомство брифингінде Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол елдегі криминогендік жағдай жайлы айтты.

Бір апта ішінде 2 647 қылмыс жасалды, оның 1 645-сі тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 10 кісі өлтіруді, 8 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 25 тонау және 318 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді Шұғыла Тұрлыбек брифингте.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы