ІІМ: Бір аптада елде 2641 қылмыс жасалды
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бір апта ішінде 2641 қылмыс жасалды. Оның 1660-ы тәулік ішінде ашылды, - деп атап өтті елдегі криминогендік жағдайға тоқталған Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
Айтуынша, тәртіп сақшылары бірқатар қылмыстарды «ізін суытпай» ашқан.
Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 6 кісі өлтіруді, 3 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 3 қарақшылық, 39 тонау және 398 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді ІІМ өкілі.
Сондай-ақ Ақтөбе облысында қылмыс түрлері біршама азайған. Бұл ведомство басшысының аймаққа жасаған сапары кезінде белгілі болды.
Белгілі болғандай, жыл басынан бері Ақтөбе облысынды 91 келі есірткі тәркіленіп, 2 есірткі зертханасының жолы кесіліп, 33 есірткі сайты бұғатталған. Атқарылған жұмыс көп. Бірақ алаңдатарлық мәселелер де жеткілікті. Солардың бірі – жол қауіпсіздігі. Мұнда биыл 438 жол апаты тіркелген. Онда 75 адам қаза тауып, 602-сі түрлі жарақат алған. Жиынға облыс әкімдігі мен прокуратурасының өкілдері қатысты. Ортақ шешімді қажет ететін түйткілді мәселелер олардың да назарынан тыс қалмады.