ІІМ: Бір аптада 3000 қылмыс жасалды

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еліміздің аумағында жеті күн ішінде 3000 қылмыс жасалған.

Бір апта ішінде 3000 қылмыс жасалды, оның 1849-ы тәулік ішінде ашылды, - деп атап өтті елдегі криминогендік жағдайға тоқталған ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Айтуынша, тәртіп сақшылары бірқатар қылмысты ізін суытпай ашқан.

Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 7 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 31 тонау және 435 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді Шұғыла Тұрлыбек. 

Сонымен қатар Оқу-ағарту министрі Шымкент қаласы Полиция департаментінің жедел басқару орталығына барып, Шымкент мектептеріндегі қауіпсіздікті ұйымдастыру жағдайын өз көзімен көріп шыққаны мәлім етілді. 

Сапар барысында Ғани Бейсембаев ЖБО-да мектептердегі бейнебақылау жүйелерінің және білім беру ұйымдарында орнатылған «дабыл» түймелерінің шығарылуымен танысты. Сонымен қатар, еліміздің бас мұғалімі Шымкентке сапары барысында қалалық Полиция департаментінде болды. Бүгінде мегаполистің 246 мектебінде бейнебақылау камералары орнатылған, сондай-ақ олар дабыл түймелерімен жабдықталған, - деді ведомство өкілі. 

Барлық камералар Полиция департаментінің ЖБО-мен біріктірілген. Инспекторлар бейнебақылау көмегімен тәртіпті бақылайды. Бұл шараларды полиция мен білім беру органдары, ең алдымен, мектеп қабырғасындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылдайды.

Нәтижесінде, өткен жылы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың төмендеу үрдісі байқалған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: inform.kz
Өзгелердің жаңалығы