ІІМ: Бір апта ішінде іздеуде жүрген 87 қылмыскер ұсталды

19-27 ақпан аралығында ІІМ жедел уәкілдері ел аумағында іздеуде жүрген 87 қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оның 17-сі шетелдік құзырлы органның тсұрауы бойынша құрықталған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Абай облысында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Ол 2018 жылы Алматыда топқұрамында алдын аласөз байласу арқылы адам өлтірген. Оның екі сыбайласы бұрын ұсталып, сотталған. Түркістан облысында “Жібек жолы” бекетінде шекарадан өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды.

Ол 2016 жылы өзінің сыбайласымен бірге Ресей Федерациясының Мәскеу облысында үш адамды өлтірген. Жамбыл облысында көрші мемлекеттің құқық қорғау органдарымен асаірі мөлшерде пәтер ұрлығын жасағаны үшін іздеуде жүрген тағы бір өзбекстандық ұсталды. Қызылордада адам ұрлады депкүдікке ілінген ерадам құрықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қаскөй 1996 жылы бірнеше адаммен бірге екі адамға күшқолданып, оларды көлікке отырғызып, белгісіз бағытта алып кеткен. Бұл қылмысқа қатысы бартағы бір қылмыскер бұған дейін ұсталған болатын. Шымкентте полицейлер жергілікті тұрғынды ұстады. Ерадам танысын арзан бағада жанармай жеткіземін деп алдап, оның ақшасын иемденген. Келтірілген шығын 18 млн теңгеге жуық. Алматы облысында шетелдік азаматты ұрып-соғып, оны пышақпен жарақаттаған екіер адам ұсталды. Барлық қылмыскер уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев. 

Бұдан бөлек, республиканың криминалдық полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 53 адамның орналасқан жерін анықтады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы