ІІМ: Әйелді өлтіріп, 25 жыл бойы жасырынған қылмыскер ұсталды
Бұл туралы Криминалдық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл Қуаныш Ибрашев Ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ішкі істер министрлігіне қылмыскерлерді және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіруге қатысты сұрақтар жиі келіп түседі. Статистикаға сүйенсек, жыл басынан бері полиция күштері 416 қылмыскерді іздестіріп ұстады, олардың ішінде 4 кісі өлтірген үшін, 24 қарақшылық шабуылдар мен тонауға қатысты, - деп атап өтті жедел уәкіл.
Айтуынша, азаматтар тарапынан егер қылмыскер біздің елден тыс жерде жасырынып жүрсе не болады деген сұрақтар қояды.
Мұнда бірден айқындық еңгізу қажет, оларды іздеу бойынша жұмыс тоқтатылмайды. Мұндай адамдар мемлекетаралық және халықаралық іздестіруге жарияланады. Оларды одан әрі іздеуді Тәуелсіз Мемлекеттер Ынтымақтастығына қатысушы мемлекеттердің құқық қорғау органдары, сондай-ақ 195 елден тұратын Интерпол Халықаралық қылмыстық полициясы ұйымы өзара іс-қимыл арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі танда Қазақстаннан тыс жерлерде 15 қылмыскер анықталып ұсталды. Оның ішінде біреуі 25 жылдан астам уақыт бойы әйелді өлтіргені үшін жасырынған. Жоғалып кеткен адамдарды іздестіруге қатысты ішкі істер органдары хабар-ошарсыз кету туралы кез келген сигналға дереу жауап береді, - деді Қуаныш Ибрашев.
Сондай-ақ ол былтыр полицияға хабар-ошарсыз кеткендер туралы 1600-ге жуық хабарлама келіп түсті деп отыр.
Оның ішінде 596-ы – кәмелетке толмағандарға қатысты. Олардың көпшілігі қасақана жасырынатындықтан іздеуге үлкен күш пен қаражат, уақыт жұмсалады. Көп жағдайда жоғалған адамдар қысқа мерзімде табылған. Сонымен қатар волонтерлік ұйымдар жоғалған адамдарды іздеуге белсенді қатысады. Жоғалған немесе азаматтардың ұзақ уақыт болмаған жағдайда ішкі істер органдарын уақытылы хабардар ету қажет.