ІІМ Аяжан Еділованың өлімі мен BI Group-тегі зорлыққа қатысты пікір білдірді

 

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІМ тергеу бөлімінің бастығы Ермек Шүлден ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша ІІО қабылдап жатқан шаралар туралы өткен брифингте айтты.

 

BI Group құрылысының нысанында әйелдің зорлануы желіде қызу талқыланып жатыр. Осыған байланысты қойылған сұраққа Ермек Шүлден жауап берді. 

  Біз қаралып жатқан қылмыстық істің жеке мәліметтерін жариялай алмаймыз. ҚР ҚК-нің 201-бабы бойынша нақты іс пен тұлғаға қатысты қандай да бір ақпарат беруге құқығымыз жоқ, - деді ол. 

 

Бұл мәселеге қатысты холдинг басшысы Айдын Рақымбаев күні кеше әлеуметтік парақшасында пікір қалдырған еді.

 

Бүгін мен өте маңызды мәселе – қоғамдағы зорлық-зомбылық проблемасын көтеруге мәжбүрмін. Өкінішке қарай, төтенше жағдай орын алды: холдингтің мердігер ұйымдарының бірінің қызметкері әріптесіне қатысты зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді. Біз бұл оқиғаға ашулымыз. Зардап шеккен және күдікті мердігер ұйымдардың қызметкерлері болса да, біз өз деңгейінде қылмыстың алдын алуға әсер етпегендерді жауапқа тартамыз. Кінәлі және қылмысқа қатысы бар адамдар заңға сәйкес лайықты жазаға тартылатынына сенімдімін. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда, - деп өзінің facebook-тегі парақшасында BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рақымбаев жазған болатын.

  Ал 19 жастағы Аяжан Әділованың өліміне қатысты іс прокурорлар қызметіне жіберілгенін айтты. 

  Қазір мәліметтерді жариялауға құқығымыз жоқ. Адам қамауға алынды. Тергеу жүргізіледі. 26 наурызда қылмыстық іс тергеу үшін Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметіне жіберілді, - деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті ОКҚ брифингінде. 

 

Айта кетейік, 22 наурыз күні Алматыда жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды. Бойжеткеннің денесі бөлшектеніп жатқан күйінде табылған.

   

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы