ІІМ Қарағандыдағы қанды оқиға туралы: Төбелес ұлтаралық қақтығыс негізінде туындамаған

Астана, baq.kz тілшісі.  Қарағандыда болған төбелес ұлтаралық қақтығыстан емес, тұрмыстық негізде туындаған. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов мәлімдеді.


«Тергеу барысында төбелес тұрмыс негізде туындағаны анықталды. Себебі, төбелес ұлтаралық жанжалдан емес, тұрмыстық негізде туындаған. Төбелес жаңа жылды қарсы алу кезінде мейрамханада болған», - деді ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.

Осыған дейін Қарағандыдағы «Древний Рим» мейрамханасында 1 қаңтарда төбелестен ер адамның қаза тапқаны туралы хабар тараған. 

Өңірдегі полиция өкілдерінің мәліметінше, 1 қаңтарда қаладағы мейрамханалардың бірінде зорлық белгілері бар 23 жастағы жігіттің денесі табылған. Осы уақытта әртүрлі дене жарақатын алған үш жігіт (24-27 жас аралығындағы жігіттер) медициналық мекеменің көмегіне жүгінген.

Дәурен Ерболат, baq.kz

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы