ІІМ Алматыдағы жағдайға байланысты ескерту жасады
ІІМ Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Министрліктің ескертуіне сүйенсек, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Полиция азаматтарды ақпараттық мәдениетті сақтауға шақырады және ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сенуге кеңес береді.
Жалған ақпарат таратпаңыздар, жалған ақпараттың көбеюіне ықпал етпеңіздер, дүрбелең мен қорқыныш ұялатпаңыздар, - деп ескертті Ішкі істер министрлігі.
Еске сала кетейік, Алматыда 23 қаңтар түнгі cағат 00:09 шамасында жер сілкінісі болды.
Сондай-ақ мегаполисте зілзалаға байланысты жедел желі іске қосылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда жер сілкінісіне байланысты жедел желі іске қосылды
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы