ІІМ Алматы академиясының жаңа бастығы тағайындалды
ІІМ Алматы академиясының бастығы болып Қобландин Қалижан тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Мақан Есболатов атындағы ІІМ Алматы академиясының бастығы болып Қобландин Қалижан Жеңісбекұлы тағайындалды.
Оқу орнының жаңа басшысын жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков таныстырды.
Қалижан Қобландиннің түрлі басшылық лауазымдарда тәжірибесі бар. Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін ол көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы