ІІМ алаяқтарға алданған белгілі журналист туралы мәлімдеме жасады

ҚР Ішкі істер министрлігі киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай алаяқтардың құрбаны болған белгілі журналистің мәселесі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айта кетейік, белгілі журналист, профессор Кәкен Қамзин алаяқтардың құрбаны болып, жалғыз пәтерінен айырылып қалғаны туралы ақпарат тарады.

Біз ол қылмыс бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Мен бұқаралық ақпарат құралдарына нақты қандай әрекеттер жасалынып жатқандығын ашып айта алмаймын. Өйткені біздің қызметіміздің шектеуіне байланысты және Қылмыстық-процеcтік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу жүргізіліп жатқан кезде (оған қатысты деректерді – ред.) жариялауға болмайды. Бұл қылмыс бойынша тергеу амалдарын, жедел іздестіру әрекеттерін жүргізудеміз. Көбінесе мұндай қылмыстардың қайдан жасалынып жатқанын, қалай жасалынып жатқанын біз білеміз. Қазір іс зерделеніп, қылмыскерлердің ақшаны қалай алғаны, шетелге қандай транзакциялармен кеткені туралы тергеу жүргізіліп жатыр, - деп атап өтті департамент басшысы.

Сонымен қатар ведомство өкілі тергеу амалдары аяқталғанша баспанаға қатысты қандай да бір заңдық әрекеттерді жүзеге асыруға тыйым салынатынын түсіндіріп берді.

Тергеушілер өз тарапынан үйге заң бойынша тыйым (арест) салады. Өйткені тергеу аяқталуы керек. Тергеу аяқталған соң бір шешімге келеді, - деді Жандос Сүйінбай.

Еске салайық, Алматыда белгілі журналист, профессор, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Кәкен Қамзин алаяқтарға алданған.

Өтірікке сеніп, үйін сатқан журналист қартайған шағында жалғыз баспанасынан айырылып қалуы мүмкін. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы