ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басшысының орынбасары қайтыс болды
49 жасында Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ІІМ Әкімшілік полиция комитеті, төрағаның орынбасары, Жандос Дүйсебайұлы Мұратәлиевтің ұзақ науқастан кейін қайтыс болуына байланысты туған - туыстары мен отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Бұл орны толмас қазада қайғыларына шын жүректен ортақтастығымызды білдіргіміз келеді. Бұл - бәріміз үшін мезгілсіз келген қайғы, өкініш... Жандос Дүйсебайұлы біздер үшін тек әріптес қана емес. Ол - адал, үлгілі әке, мейірімді жан, ақылшы дос болды. Үлкен жүректі, жаны жайсаң азамат еді. Алла оның жанына тыныштық беріп, жәннатта етсін! Ішкі істер органына сіңірген зор еңбегі жадымызда мәңгі сақталады…, - делінген ҚР ІІМ ӘПК хабарламасында.
Туған жылы: 1975 жылы 2 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген.
Білімі: 1997 жылы Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі: заңгер.
2016 жылы Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі: тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлік құралдарының жұмысы. Диплом бойынша біліктілігі: Техника ғылымдарының магистрі.
1997 жылғы қазан айынан 2008 жылғы маусым аралығында – Алматы қ. ІІД, ҚІІБ тергеушісі, аға тергеушісі;
2008 жылғы маусым айынан 2010 жылғы ақпан аралығында – Алматы қ. және Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаментіндегі қызметі;
2010 жылғы ақпан айынан 2013 жылғы қазан аралығында – Алматы қ. ІІД Жол полициясы басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары;
2013 жылғы қазан айынан 2021 жылғы шілде аралығында – Алматы қ. ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, басқарма бастығы;
2021 жылғы шілде айынан қазіргі уақытқа дейін – ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.
Қызметте қол жеткізген жетістіктері үшін Ішкі істер министрлігінің басшылығымен бірнеше рет мадақталды. Полиция полковнигі