ІІМ: 317 полицей жараланып, 8 полицей қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдегі бүлікшілік салдарынан 8 тәртіп сақшысы қаза тапты. 317 полиция және Ұлттық ұлан қызметкерлері дене жарақатын алды. 

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілдері хабарлады.

Қазіргі таңда аталған ведомство зардап шегушілер санының артуына жол бермеу шараларын атқарып жатыр. Заңды белден басқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Осыған байланысты тұрғындар арандатушыларға ермеуі керек, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы