18 Сәуір 2022 2022, 21:43
ИИДМ вице-министрі Омбы облысы Үкіметі төрағасының орынбасарымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Руслан Баймишев Омбы облысы Үкіметі Төрағасының орынбасары Антон Заевпен кездесті. Кездесуге сондай-ақ ҚР ИИДМ құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Руслан Баймишев Омбы облысы Үкіметі Төрағасының орынбасары Антон Заевпен кездесті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Кездесуге сондай-ақ ҚР ИИДМ құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында тараптар өнеркәсіп саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады, атап айтқанда ауыл шаруашылығы және мұнай-газ машина жасау, азаматтық авиация және көлік саласы. Сондай-ақ Ертіс өзенін бірлесіп пайдалану және министрлік жетекшілік ететін салаларға инвестициялар тарту мүмкіндіктері талқыланды.
Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықтың жоғары әлеуеті мен көрші елдер арасындағы қатынастарды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.