ИИДМ вице-министрі гонконгтық компания өкілдерімен кездесу өткізді
ИИДМ-де Hong Kong HX International Group Co., Limited компаниясының өкілдерімен кездесу өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов Гонконгтан келген іскер азаматтармен танысып, екіжақты ынтымақтастықты дамыту мен Қазақстанда бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жолдарын қарастырды.
HongKong HX International Group Co., Limited Meta Space Company компаниясымен бірлесіп, коммерциялық корпорацияларға, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарға, бұқаралық ақпарат құралдары және білім беру ұйымдарына өндіріс процестері оңтайландыру, тұрақты басқару мен қызметті дамыту бойынша тиімді шешімдерді ұсынумен айналысып келеді.
Аталған кездесуде шетелдік компанияның өкілдері өнеркәсіп, энергетика және инфрақұрылымдық даму секторларында инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыруға мүдделі екендерін жеткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы