ИИДМ қоғамдық тыңдау өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ИИДМ Көлік комитеті қоғамдық көлік мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өткізеді. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігінің Көлік комитеті бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылып отырған жолаушыларды автомобильмен тасымалдау саласында мемлекеттік органдардың функцияларына нарықтың дайын болуы жөніндегі қорытындыны (сілтеме) қарау үшін қоғамдық тыңдау өткізіледі, – делінген хабарламада.

Тыңдауға қатысу мәселелері бойынша 2020 жылғы 20 шілдеге дейін 87769760980 тел., zh.tilegen@miid.gov.kz жүгінуге болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы