ИИДМ комитет басшысының орнынан түсуіне қатысты мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ИИДМ отандық ақпарат агенттіктерінің бірінде жарияланған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті басшысының орнынан түсуі туралы әріптестік департаментінің бас сарапшысы Н. Нәбиевтің 2020 жылдың 7 тамызында zakon.kz ақпаратық агенттігінде жарияланған ақпараты дұрыс емес екенін, онда К.К. Баитовтың тәртіптік жауапкершілігі мәселесі көтерілмегенін хабарлайды.
Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында К.К. Баитов орындаушылық лауазымынан бастады. Мансаптық өсудің барлық сатысынан өтті. 2014 жылғы маусымнан бастап Өнеркәсіптік комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды. Ал 2019 жылғы мамырдан бастап министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетін басқарды. 10 жылдан астам өмірін ел өнеркәсібін дамытуға арнаған ол қызметтік борышын орындаудың үлгісі болды. Қанат Баитов Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының барлық бағдарламасын әзірлеуге және іске асыруға тікелей қатыса отырып, Қазақстанның өнеркәсіп салаларын дамытуға айтарлықтай үлес қосты. Ол ел экономикасының шикізаттық емес секторларын дамытуға бағытталған заңдардың қабылдануына бастамашылық жасады. Жұмыс істеген жылдары К.К. Баитов өзін нағыз кәсіпқой, жақсы ұйымдастырушы және басшы ғана емес, сонымен қатар мінсіз адами қасиеттерін көрсетті. Бұл лауазымға келген кезде комитетте жұмыстағы бюрократияның барынша ашықтығы мен төмендеуі байқалды, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы