ИИДМ инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуын бақылауға алды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі отандық өңдеу өнеркәсібі саласының дамуына тұрақты мониторинг жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы тараптағы жобаларды уақтылы іске асуын қамтамасыз ету және ондағы мәселелерді оңтайлы шешу мақсатында бастамашы топпен әрдайым кеңестер өткізіліп отырады.

Атап айтқанда, ведомство басшысы Қайырбек Өскенбаев ағаш өңдеу, лифт өндірісі мен ауыр машина жасау, мыс, қорғасын және мырыш салаларындағы жобаларды жүзеге асырушыларымен кездесу өткізді. Сонымен қатар ИИДМ вице-министрлері агрохимия, цемент және бетон бұйымдары, автомобиль жасау, ауыл шаруашылығы, жүк техникасы және ферроқорытпа өндірісі саласындағы іскерлермен талқылаулар ұйымдастырды. Ал Индустриялық даму комитетінің төрағасы жүн және тоқыма өңдеу салаларындағы мәселелерді таразылады.

Басқосулар барысында 120-ға тарта компанияның жай-күйі назарға алынды. Өткізілген кеңестердің қорытындысы бойынша инвестициялық жобаларды сапалы жүзеге асыру мен ондағы түйіткілді мәселелерді дер кезінде шешуді қамтамасыз ету үшін жауапты тұлғаларға тапсырмалар берілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы