ИИДМ: Халыққа қолжетімді бағамен ұшуға мүмкіндік береміз

Бұл туралы бүгін өтіп жатқан Мәжілістің жалпы отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

«Шығыстарға арналған бапта теміржол тасымалын субсидиялауға 43 млрд теңге бөлінген, ал авиа тасымалдауға 6 млрд теңге көзделіпті. 2018 жылы теміржол тасымалының субсидиялануы – 30 млрд теңге, ал әуе тасымалына 2 млрд теңге бөлінген яғни коронавирус пандемиясына дейінгі және одан кейінгі уақытты салыстырғанда биыл бөлінген қаражат әжептеуір артық. Біріншіден, аталған кезеңде қаржыландырудың артуы немен байланысты? Екіншіден, субсидиялар ұлғайтылса, халық үшін темір жол мен авиа билеттердің құнын төмендету көзделе ме? 

Үшіншіден, депутаттар мен Есеп комиттеті әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша субсидияларды оңтайландыру мәселесін бірнеше көтерген. Осы оңтайландыру бойынша министрлік нормавтивтік құқықтық актілерде қандай тетіктер мен өзгерістерді көздеп отыр?» деп сұрады депутат Әлия Сапарова ведомство басшысынан. 

Министр әуе және теміржол билеттерінің бағасын субсидиялауға қатысты өз уәжін айтты.

Біріншіден, әуе және теміржол билеттерінің бағасын субсидиялау бағаны тұрақтандыруға бағытталған. Екіншіден, халыққа қолжетімді бағамен ұшуға мүмкіндік беру. Негізі билет бағасының алгоритмі – неғұрлым ертең алсаңыз, соғұрлым арзан болады, ал билетті кеш алсаңыз, соғұрлым қымбат болады. Осы бағыт бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Шығындардың ұлғаюына  теміржол және әуе бағыттарындағы жаңа маршруттардың ашылуы себеп болды. Сондай-ақ кездесулерде халық өз пікірін айтқан болатын. Мысалы, жақында Мемлекет басшысы Павлодар облысында халықпен кездескенде Астана – Павлодар бағдарын қайтадан ашу керек деген мәселе көтерілді. Осы бағытты қайтадан ашып жатырмыз. Сондай-ақ Тараз – Атырау қосымша бағдарын ашу керек деген ұсыныстар өңірлерден түсіп жатыр. Сондықтан субсидия өсіп жатыр, - деді Қайырбек Өскенбаев. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы