ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Төлеген Тұрсынұлы Абдуллин ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Төлеген Абдуллин 1982 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін, «Қаржы академиясы» АҚ тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі: инженер-құрылысшы, экономика және бизнес магистрі.
Еңбек жолын 2004 жылы «Қазақавтожол» РМК Павлодар облыстық филиалының ДЭУ-62 автожол көпірінің шебері лауазымынан бастады.
2005-2011 жылдары «Қазақавтожол» РМК Павлодар филиалында түрлі лауазымдарды атқарған.
2011-2014 жылдары - «Қазақавтожол» РМК Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, Ақмола облыстық филиалының директоры.
2014-2019 жылдары Астана қаласында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшылық қызметтерін атқарды.
2019 жылдың ақпанынан желтоқсанына дейін - Көкшетау қаласы, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Ақмола облыстық филиалы директорының м. а., директоры.
2019-2021 жылдары - ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасы орынбасарының м. а., орынбасары.
2021 жылғы қаңтардан бастап қазірге дейін ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.