ИИДМ 149 жобаға 1,4 трлн теңге алып отыр

Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алқа отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Индустрия министрлігі – еліміздегі аса маңызды жобаларды жүзеге асыратын негізгі мемлекеттік органның бірі. Бұл үлкен жауапкершілік жүктейді. Осыған байланысты министрлік  мынадай бағыттарға назар аударуы тиіс. 2022 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі – 3,4 пайызға өсті. Дегенмен 2021 жылға қарағанда былтыр тау-кен өндіру саласының даму қарқыны біршама баяулап кетті. Оған әлемдегі күрделі геосаяси жағдай,  жаһандық логистикалық бағыттардың бұзылуы сияқты  көптеген факторлар әсер еткені белгілі. Соған қарамастан, тау-кен саласындағы өндіріс көлемін қалпына келтіріп, тұрақты өсуді қамтамасыз ету өте маңызды, - деді Премьер-министр. 

Айтуынша, экономиканы әртараптандыру – министрліктің негізгі міндеттерінің бірі. 

Бұл – өңдеуші өнеркәсіптің жаңа өндірісін құру. Былтыр 2 трлн теңгеден асатын сомаға 160 индустриялық жоба іске қосылды. Сонымен қатар осы жылы іске асыру жоспары 1,4 трлн теңге сомасына 149 жобаға дейін төмендеген. Экономиканы әртараптандыру қарқынын төмендетуге жол беруге болмайды, - деді Әлихан Смайылов. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы