Игерілмей қалған бюджет ақшасын келесі жылға қалдыратын норма қарастырылып жатыр

Бюджеттегі игерілмей қалған қаражатты келесі жылға қалдыру үшін нормалар қарастылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президенттік қыркүйек айындағы Жолдауында айтылған белгілі бір жағдайларда игерілмей қалған бюджет қаражатын келесі жылға қалдыру мүмкіндігін қамтамасыз ету тапсырмасын орындау үшін қандай іс-шаралар қабылданып жатыр?, - деп сұрақ қойды модератор.

Мемлекеттік сатып алу заңнамасы және квазимемлекеттік сектордың сатып алулар департаментінің директоры Мұрат Әділханов осылай деп жауап берді:

Бұл бағыт бойынша Ұлттық экономика министрлігі бюджетке өзгерістер енгізу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда бізде тек инвестициялық жобалар бойынша көпжылдық шарттар мүмкіндік беріп отыр. Игерілмей қалған қаржыны келесі жылға сол арқылы қалдырамыз. Егер қаржыны игеру мүмкін болмай жатса, келесі жылға қалдыруға рұқсат беретін  нормалар қарастырылып жатыр, - деді Әділханов орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы