IBU суперспринтті әлем кубогінің финалдық кезеңінен алып тастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық биатлоншылар одағы (IBU) келесі жылы өтетін әлем кубогінің финалдық бағдарламасынан суперспринтті алып тастады, деп хабарлайды olympic.kz.

Суперспринттің алғашқы жеңімпаздары 2021 жылдың наурызында анықталуы тиіс болатын. Алайда, IBU техникалық комитеті мен IBU спортшылар комитеті ақылдаса келе, суперспринт форматына біраз өзгеріс енгізу қажет деп шешкен.

Кубоктік кезеңге қоспас бұрын, бізге бұл бағдарламаны әлі біраз сынап көру керек, - дейді IBU өкілдері.
Осылайша, финалдық кезеңде спринтерлік жарыстар мен масс-старт және пасьют өткізіледі.
 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы