IBU қазақстандық биатлоншыларды ақтап шығарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық биатлоншылар одағы (IBU) қазақстандық 9 спортшыға тағылған айыпты алып тастады, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстан биатлоншылар одағының хабарлауынша, 24 шілде күні Инсбрук қаласында өткен сот отырысының қаулысы бүгін белгілі болды. Қазақстандық 9 биатлоншы, атап айтқанда Галина Вишневская, Алина Райкова, Дарья Климина, Ольга Полторанина, Ян Савицкий, Максим Браун, Анна Кистанова, Антон Пантов және Василий Подкорытовге тағылған айып алынып тасталды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айында Аустрия мен Италия елінің полициясы допингке қарсы ережені бұзды деп Қазақстан құрамасының 9 спортшысын ұстаған болатын.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы