IAAR форум: Алина Жұмағұлова аккредитациялаудан өтудің маңыздылығын түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігінің (IAAR) бас директоры Алина Жұмағұлова мәлім етті.

Оның айтуынша, бесінші рет ұйымдастырылып отырған халықаралық форумның негізгі мақсаты – білім сапасын қамтамасыз ету және аккредиттеу жүйесін дамыту саласындағы озық тәжірибелерді талқылау мен алмасу бойынша халықаралық диалог құру.

Ең алдымен мұны оқу ордасының имиджі деп атауға болады. Бұл аккедиттеудің ерекшелігі әрбір елдерде дипломдардың сапалығын саралау. Мысалы, егер университет аккредитациядан өткен жағдайда, оның құжаттары басқа да ТМД немесе еуропалық университтерге жарамды болады. Осыған сәйкес білім алушыда әртүрлі жерде оқуын жалғастырып, жұмысқа тұра алады. Өздеріңіз білетіндей, қазір бәрі тез даму үстінде. Сол себепті сапалы ЖОО имиджін қалыптастырудың бірден-бір жолы аккедитациялаудан өту, -деді IAAR бас директоры.

Ол нақты ғылыми саласы бар білім беру орындарының қашан аккредитациялаудан өткізілетінін айтты.

Ал медициналық бағыттағы университеттерге келер болсақ, 2026 жылға дейін барлық медицина саласында оқытылатын университеттер аккредитациялаудан өткізіледі, -деп атап өтті ол.

Сөз соңында пандемия кезеңіндегі білім беру жүйесіндегі ерекшеліктерді сөз етті.

Пандемия бізге оқуды онлайн түрде де жүзеге асыруға болатынын көрсетті. Бүгінгі іс-шараның өзі аралас форматта өтуде. Көп жағдайда бұл ыңғайлы, - деп толықтырды сөзін Жұмағұлова.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы