I топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім көрсетушілерге жаңа жәрдемақы беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Енді бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім көрсетушілерге жаңа жәрдемақы түрі енгізіледі.
Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заң жобасын талқылау кезінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов хабарлады.
Себебіне қарамастан, I топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім көрсетушілерге жаңа жәрдемақы түрін енгізу қаралған. Қазіргі уақытта I топтағы 66 мың мүмкіндігі шектеулі жанның арасынан әрбір үшіншісі күтімі бойынша жәрдемақымен де, жеке көмекшінің қызметімен де қамтылмаған. Яғни басқа адамның көмегіне зәру, өз бетімен жүріп-тұра алмайтын мүгедек жандар, - деді Серік Шәпкенов.
Оның айтуынша, осылайша, заң жобасын қабылдау нәтижесінде күтімі бойынша жәрдемақымен 24 мың адам қамтылады.
Сонымен қатар заң жобасы аясында мүгедектігі бар балаға күтім жасау мерзімін 18 жасқа дейін ұзарту көзделіп отырғанын айтты.
Бұл жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен базалық зейнетақыны тағайындауға оң әсерін тигізеді. Қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі баланы күту кезеңі 16 жасқа дейін ғана ескерілген, - дейді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоғжан Жахиннің авторлық концерті өтті
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы