Hyundai Tucson-ның N-Line нұсқасы болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы күзде таныстырылған Hyundai Tucson тюнерлердің қолына түсіп, нәтижесінде N-Line нұсқасы пайда болды. Ірі радиатор торы, басқа бампер мен диффузор және 19 дюймдік дискілер орнатылған кроссовер агрессивті кейіпке енді.
Салоны былғарымен және алькантарамен қапталған. Педаль қаптамасы мен рөлінде N-Line логотипі бар.
Капот астына 290 ат күшіне ие 2.5 литрлік турбомотор орнатылады. Қозғалтқыштар тізімі стандарт көліктегідей, жалғыз ерекшелік — 1.6 литрлік дизельді агрегат.
Hyundai мамандары N-Line тек сырттай өзгеше болмайтынын, электронды басқарылатын аспасы бар кроссоверде жүргізуші әрекетіне «спорттық» стильде жауап беретін арнайы режим болатынын айтты.
Төртінші буындағы Hyundai Tucson Қазақстанға әлі жетпеді, ол келгеннің өзінде N-Line нұсқасын күтудің қажеті жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық қақпашы әлемнің үздігі атанды
Келесі жаңалық
Жібек Құламбаева – Португалиядағы жарыстың жеңімпазы
Өзгелердің жаңалығы