16 Мамыр 2019, 11:25
"Жолда қабылдау" акциясы жалғасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аумақтық ішкі істер органдары Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасымен азаматтарды мобильді қабылдауды ай сайын жүргізетін болады.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аумақтық ішкі істер органдары Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасымен азаматтарды мобильді қабылдауды ай сайын жүргізетін болады. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
"Іс-шаралар 17 және 18 мамырда өткізіледі. Полиция департаменттерінің басшылары, әкімшілік полиция, жергілікті және көші-қон қызметтерінің бастықтары «мобильді» қабылдау деп аталатын арнайы жабдықталған автобустарда азаматтар жаппай баратын жерлерде (орталық алаңдар, сауда-ойын-сауық орталықтарының маңындағы, МХҚКО және ХҚКО жақын маңдағы алаңдар) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді", - делінген таратылған ақпаратта.Сонымен қатар, "жедел желі" телефондарының жұмысы ұйымдастырылған, олар бойынша жол қауіпсіздігі мен көші-қон заңнамасы мәселелеріне қатысты сұрақтарға жауап алуға болады. Мұндай колл-орталықтар іс-шаралар өткізілгеннен кейін де тұрақты негізде жұмыс істейді. Іс-шаралар өткізілетін жерлер мен «жедел желі» телефондарының нөмірлерін ІІМ ресми порталында жарияланады.
Осындай акция осы жылдың 5-6 сәуір аралығында да өткізіліп, республика бойынша азаматтарды қабылдаудың 250 мобильді пунктілері жұмыс істеді. Екі күн ішінде "Жолдағы қабылдауға" шамамен 17,9 өтініш келіп түскен болатын.
- Алматыда Абдолла Қарсақбаевтың 100 жылдығына арналған көрме ашылды 22:08
- Тоқаев АҚШ Президентінің арнайы өкілі Серджио Гормен кездесті 21:31
- Геннадий Головкин халықаралық спорт ұйымында жаңа қызметке сайланды 21:05
- Марқакөл қорығында қоңыр аю көзге түсті 20:55
- Мемлекет басшысы Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Наһаянмен кездесті 20:28
- 13 қыркүйек күні ауа райы қандай болады 20:25
- Рыбакина – Соболенко арасындағы US Open финалы: тікелей эфирді қайдан және қашан көруге болады 20:10