Құқық бұзушылық көп болатын жерлерде полиция бекеттері орнатылады - ІІМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халыққа ыңғайлы болуы үшін криминогендік учаскелерде және құқық бұзушылыққа аса бейім жерлерде модульдік үлгідегі стационарлық полиция бекеттерін орнату жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халыққа ыңғайлы болуы үшін криминогендік учаскелерде және құқық бұзушылыққа аса бейім жерлерде модульдік үлгідегі стационарлық полиция бекеттерін орнату жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомстводан хабарлағандай, модульдік бекеттер барлық коммуналдық жайлылықтармен (желдеткіш, су құбыры, кәріз, жылу), коммуникация (компьютер, телефон, радиостанция) және қауіпсіздік (бейнебақылау, «шақыру Домофоны» жүйесі) жүйелерімен жарақтандырылатын болады.
Осындай бекеттерде полиция қызметкерлері тәулік бойы қызмет көрсетеді. Күндізгі уақытта сағат күзет орнында 8.00-ден 20.00-ге дейін учаскелік полиция инспекторы болады және азаматтардың өтініштері мен арыздарын қабылдайды.
Күзет орындары мен іргелес аумақтарда құқықтық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қорғау үшін патрульдік қызметтің кезекшілігі ұйымдастырылатын болады.
Жаңа енгізілім азаматтардың өтініштеріне полицияның уақытылы және сапалы әрекет етуін қамтамасыз етеді, оларды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау тиімділігін арттырады деп күтілуде.
«Модульдік үлгідегі стационарлық бекеттер жергілікті атқарушы органдардың жәрдемімен құқық бұзушылықтарға неғұрлым бейім жерлерде орнатылатын болады», - делінген хабарламада.
- Түнгі клубта өлімші етіп сабап, қашып кеткен: Астанада атышулы іс аяқталды 03:19
- Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы өтетін теңіз жолдарының картасы бойынша келісімге келді 01:50
- Индонезиядағы 7,7 балдық жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 47-ге жетті 00:41
- Ақтөбеде жаңа кәріздік тазарту кешенінің құрылысы басталды 15.08.2026
- Ақмола облысында "Ауыл құтқарушылары" ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды 15.08.2026
- Қазақстанның орман қорында бір күнде он өрт тіркелді 15.08.2026
- Qazaqstan Barysy – 2026: Дебютант Жантілек Нұртілепұлы – алтын белбеу иегері 15.08.2026