26 Қаңтар 2020, 17:55
Министрлік: "Қазақстан-ҚХР" бағытындағы пойыз жолаушылары маска киюлері қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 6 қаңтардан санитариялық-эпидемиологиялық органдардың қызметкерлері жолаушылар, пойыз бригадалары мен машинистерде бетперде болуын қатаң талап етеді.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 6 қаңтардан санитариялық-эпидемиологиялық органдардың қызметкерлері жолаушылар, пойыз бригадалары мен машинистерде бетперде болуын қатаң талап етеді.
Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінгі таңда Қазақстан мен Қытай арасында аптасына үш жолаушылар пойызы қатынайды. ҚХР-дан келетін жолаушылар мен жолсеріктер тұрақты негізде тепловизор құралымен температурасын өлшеу арқылы іске асырылады. 2020 жылғы 6 қаңтардан санитарлық-эпидемиологиялық органдардың қызметкерлері жолаушылар, пойыз бригадалары мен машинистерде бетперде болуын қатаң талап етеді, - деп жазды Facebook-тегі парақшасында.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда жаңа коронавирусты анықтай алатын тест әзірленетіні мәлім болды. Қытайдан тарап жатқан коронавирусқа байланысты шекара арқылы өту пунктерінде санитариялық бақылау шаралары күшейтілді. Қытайда белгісіз вирустан 56 адам қайтыс болды. Сонымен қатар, президент Қытайда тараған вирусқа қатысты Үкіметке тапсырма берген болатын. ҚХР-дан келетін транзиттік жолаушыларға ҚР аумағына 72 сағаттық визасыз келу режимі уақытша тоқтатылады. Сондай-ақ, Air Astana Үрімші мен Бейжіңнен жолдама алған турларды кері қайтарған еді.
- TikTok-тағы тұзақ: Жұмыс іздеген астаналықтар қалай алданды? 20:07
- Алматыда LRT құрылысы кезінде бірнеше көлік қызыл сызықтан өтіп, шұңқырға түсіп кеткен 19:41
- Екібастұзда бостандыққа шыққан әйел тағы бір адамды пышақтап өлтірген 19:23
- «Болашақ ойындары-2026» Астананы несімен таңғалдырады? 18:59
- Аптап ыстық басыла ма? 18-20 шілдеге арналған ауа райы болжамы 18:41
- Жағдай жедел штабтың тұрақты бақылауында – ТЖМ өрт туралы 18:22
- Қазақстан ЖИ саласындағы ынтымақтастық жөніндегі дүниежүзілік ұйымның құрылтайшысы атанды 17:54