5 Шілде 2019, 10:20
Тутанхамонның мүсіні аукционда 6 млн долларға сатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Египет фараонының тас мүсіні Лондонда түрлі аукциондар өткізілетін Christie's үйінде 5,97 млн долларға сатылды. Бұл туралы аукцион үйінің өкілдері хабарлады.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Египет фараонының тас мүсіні Лондонда түрлі аукциондар өткізілетін Christie's үйінде 5,97 млн долларға сатылды. Бұл туралы аукцион үйінің өкілдері хабарлады.
Сатып алушының аты-жөні белгісіз. Тутанхамонның мүсіні күн құдайы Амонның кейпінде бейнеленген.
Бұл аукционға дейін 1985 жылдан бері мүсін жеке коллекцияда сақталып келген. Алайда, сатуға қойылған лоттың Еуропаға қалай жеткізілгені беймәлім.
Аукцион кезінде Christie’s кеңсесінің маңында 20 шақты наразылықтарын білдірген адамдар жиналды.
Айта кетейік, бұған дейін Египеттің Сыртқы істер министрлігі Ұлыбританиядан Тутанхамонның тас мүсінін қайтаруды талап еткен.
- Ақтөбенің 100-ден астам креаторы Астанада өз жобаларын таныстырды 07:12
- Ұлытау облысында 50 шаршы метр аумақта битум өртенді 06:35
- «Трамп мұхиты» болуы мүмкін: АҚШ президенті жаңа жоспарын айтты 05:18
- Алматыда қоқыс жәшігінің жанынан мылтық табылды 04:27
- Парсы шығанағында өртенген танкерден 22 теңізші құтқарылды 03:40
- Тұман және қатты жел: 15 облыста дауылды ескерту жарияланды 02:34
- Трамп Ресей дизеліне қатысты келісімнен кейін Зеленскийді сынға алды 01:29