Хромтаулық оқушы қазақ ханының портретін сөйлетті

Ақтөбе облысы Хромтау қаласындағы №3 орта мектептің алтыншы сынып оқушысы Жомарт Азаматұлы ойлап тапқан құрылғысының арқасында Тәуке ханның портретін сөйлетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, өнертабыстың ерекшелігі сонда, ол Тәуке хан тұсында Қазақ хандығында қабылданған «Жеті жарғы» заңын баяндайды.

Оқушы портретті жасауда түрлі қажетті техникалық құралдар мен аудиотаспаларды пайдаланған.

Жұмысты әзірлеуге бір жыл уақыт кеткен. Портрет mp3-құрылғысымен, сенсорлы өшіру түймелерімен және 12 В қуат көзімен жабдықталған.

Жас өнертапқыш алдағы уақытта өзге де ақын-жазушылар мен тарихи тұлғалардың портреттерін сөйлетіп, сол арқылы өскелең ұрпаққа халық тарихын кеңінен насихаттауды жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Өзгелердің жаңалығы