Хромтаудағы жарылыстың себебі анықталып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Хромтау ауданы, Ақжар ауылында жеке үйде жарылыс болып, кіреберіс бөлме құлап қалған. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін сағат 16:00-де Хромтау ауданы Ақжар ауылындағы үйде жарылыс болып, кіреберіс құлап қалды. Шақырту орнына өрт сөндіру бөлімінің бригадасы жіберілді. 

Төтенше оқиға кезінде Хромтау қаласының ауруханасына 7 адам жеткізілді. Олардың үшеуі бала. Зардап шеккендердің жағдайы орташа ауырлықта. Қазіргі уақытта бәрін дәрігерлер өз бақылауына алды,- делінген хабарламада.

Жарылыстың жойқын болғаны сонша үйдің бір бөлігі құлап қалған.

Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, жарылысқа газ баллоны себеп болмаған. 

Сырттан әкелінген зат болуы мүмкін. Бірақ жарылысқа нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Оқиға бүгін түс ауа болған. Жарақат алғандардың барылғы қазір аудандық ауруханада жатыр - делінген баспасөз хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы