23 Сәуір 2023 2023, 17:04
Фото: polisia.kz
Хромтауда жол апатынан 3 адам қайтыс болды
Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты, деп жазады BAQ.KZ.
Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты, деп жазады BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жол апаты 23 сәуірде Хромтау ауданының Жазық ауылының маңында Самара-Шымкент автожолында орын алды.
"ВАЗ-2110" және Toyota маркалы автокөліктері соқтығысқан. «ВАЗ» автокөлігінің 3 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, жүргізушісі аудандық ауруханаға жеткізілді.
Сотқа дейінгі тергеу басталды және жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда.