17 Қаңтар 2025 2025, 07:34
Фото: архив
Хромтауда көпқабатты үйдегі өрттен 7 адам құтқарылды
Ақтөбе облысы Хромтау қаласы, Абай көшесінің бойындағы көппәтерлі тұрғын үйдің 5-қабатында 12 ш.м. алаңда үй заттары жанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақтөбе облысы Хромтау қаласы, Абай көшесінің бойындағы көппәтерлі тұрғын үйдің 5-қабатында 12 ш.м. алаңда үй заттары жанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жанып жатқан көпқабатты үйден адамдар құтқарылып, эвакуацияланды
ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 7 тұрғынды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады. Өрт жедел сөндірілді. Өрттің шығу себебі – кір жуғыш машинасының электр сымдарының қысқа тұйықталуы, - деп жазылған хабарламада.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу керектігін ескертеді.